«Top Rank» промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (5-0, 2 КО) болашағынан зор үміт күтеді, деп хабарлайды Sports.kz порталы.
- Мен Әлімханұлының Геннадий Головкиннің ізбасары болатынына сенемін, ол да Қазақстаннан. Жәнібек - керемет боксшы және оны жұма күні кешкісін көре аласыздар, - деді Арум 26 жастағы қазақстандық боксшының кезекті жекпе-жегі алдында.
Алдағы айқасын Жәнібек Әлімханұлы 13 сәуір күні таңертең Лос-Анжелестегі Staples Center аренасында (АҚШ, Калифорния штаты) өткізеді. Қарсыласы - мексикалық Кристиан Оливас (16-4, 13 КО).
Боб Арум жайлы айтар болсақ, оның негізгі клиенті WBA Super және WBO нұсқалары бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы, украиндық Василий Ломаченко (12-1, 9 КО). Ол бұл кеште британдық боксшы Энтони Кролломен (34-6-3, 13 КО) кездеседі. Василий желтоқсандағы дивизионда бірауыздан қабылданған шешім бойынша Хосе Педрасуды (25-2, 12 КО) жеңіп, екінші белбеу иесі атанған болатын.