#
#
Жексенбі 01/11/2020

Биыл қанша гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды?

  • 21.09.2020
  • 0
  • 73

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару шаралары жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде ауыл шаурашылығы мақсатындағы жерлерді қорғау саласындағы бақылау функцияларын тиісті облыстар аудандарының жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады. Бұл ретте, ҚР Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Жарлығымен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстанда шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне барумен тексеру әрі профилактикалық бақылау жүргізуге мораторий енгізілгендігін атап өту қажет. Жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару ҚР Жер кодексінің 92-94 баптарына көрсетілген шаралардан кейін жүзеге асырылады, алайда аталған шараларды мораториге байланысты жүзеге асыру мүмкін емес», - делінген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауабында. 

Дегенмен, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару мәселесі ерекше маңызға ие. 

«Сол себептен, министрлікпен жердің пайдаланылуын ғарыштық мониторингтеу әдісі енгізіліп, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында пилоттық іске қосылды. 2019 жылдың қазан айында заңнамалық норма қабылданды, ал биылдың қаңтар айында Жерді қашықтықтан зондтау деректері бойынша веб-порталда пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін анықтаудың цифрлық тетігін айқындайтын бұйрық қабылданды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша 2020 жылдың ішінде 2,6 млн гектардан астам пайдаланылмаған жайылымдар ерікті түрде мемлекеттік меншікке қайтарылды», - деп нақтыланды ведомство мамандары.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар