02 шіл, 2020 сағат 07:41

Бірқатар лауазымды тұлға дипломатиялық дәрежеге ие болды

Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызмет күніне орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар лауазымды тұлғаларға төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесін берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл жөнінде ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімет таратты. 

Атап айтқанда, 4 адам жаңа дәрежеге ие болған. 

- Асқар Оразалыұлы Шәкіров - ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары; 

- Бауыржан Әлімұлы Мұхамеджанов - Қазақстанның Грузиядағы Елшісі; 

- Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев - Қазақстанның Жапониядағы Елшісі; 

- Роман Юрьевич Василенко - Қазақстанның Словакиядағы Елшісі. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысымен бірқатар қазақстандық дипломаттарға кезекті дипломатиялық дәрежелері мен ҚР Президентінің Құрмет грамотасы берілді.