1 сәуірде алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6-ға толатын балалардың құжаттарын бірінші сыныпқа қабылдау басталды. Құжаттарды қабылдаудың алғашқы күні 8 124 өтініш келіп түскен. Бұл туралы БҒМ хабарлады.
Өтініштерді қабылдау электронды форматта egov.kz арқылы жүргізіледі және 1 тамызға дейін жалғасады.
Мектепке түсу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
баланың денсаулық жағдайы туралы құжат (бала денсаулығы паспорты, 063/у нысаны бойынша медициналық анықтама);
3х4 көлеміндегі 2 фото.
2021-2022 оқу жылы 1-сыныпқа 340 мыңнан астам бала қабылдау жоспарланып отыр.
Еске салсақ, бірінші сынып оқушыларының құжатын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады.