03 мау, 2021 сағат 02:21

БҒМ ҰБТ тапсыру үрдісін автоматтандыруда жақсы нәтижелерге қол жеткізді – Мусин


ҚР Білім және ғылым министрлігі ҰБТ тапсыру үрдісін автоматтандыру барысында жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мәселен, жеке тұлғаны сәйкестендіру жобасына сай жүйе сараптама жасап, талапкерлерді кездейсоқ орындар бойынша орналастырады, яғни верификацияға дейін емтиханда кімнің қай жерде отыратыны беймәлім. Оның үстіне жіті бақылау процедурасы арқылы тестілеудің барынша ашық және әділ өтуі қамтамасыз етілген. Осындай жүйені биыл сәуір айында біз Алматының автоХҚКО-ларында енгіздік. Пилоттық жоба бірден оң нәтиже көрсетті – тест тапсыруға тілек білдірушілердің саны екі есеге кеміп, ал сынақтан үміткерлердің тек 35,6 пайызы ғана өткен болатын. Бұған дейін наурыз айында бұл көрсеткіш 44,2 пайызды құраған еді. Сондықтан біз алдағы уақытта бұл жобаның аясын кеңейтіп, елдің күллі аймағында енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді министр.