Бейжіңде 10 миллионнан астам тұрғын коронавиурс вакцинасын салдырды.
Бұл жайында денсаулық сақтау жөніндегі муниципалдық комитет мәлімет таратты.
2 сәуірдегі мәлімет бойынша, жалпы 16,05 млн доза вакцина қолданылған. Қаланың 10 млн астам тұрғынына екпе жасалды.
Оның ішінде 6,04 миллионы - вакцинаның екі компонентін де алып үлгерсе, қалған 3,96 млн адам - бірінші дозаны салдырған.
Екпе алғандардың 9,33 миллионы - 18 бен 59 жас аралығындағы адамдар.
Бейжіңде жасы 60-тан асқан 670 мыңнан астам тұрғын вакцина жасатқан, оның ішінде жасы 90-нан асқан 551 адам бар.
Бүгінде Бейжің халқының саны 21 миллионнан асады.