25 қаң, 2022 сағат 13:05

Бейжің Олимпиадасына келген 15 адамнан коронавирус анықталды


24 қаңтар күні Бейжіңге, Олимпиада ойындарына келген 15 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат 2022 жылғы Олимпиада ойындарының ресми сайтына сілтеме жасап.

«24 қаңтар күні Қытайға 23 спортшы мен ресми тұлға, 223 мүдделі тараптар өкілдері, барлығы 246 адам келді. ПТР-тестілеу нәтижесінде 12 адамнан вирус анықталды, олардың барлығы – мүдделі тараптар өкілдері. Тағы үш жағдай бұдан бұрын анықталған еді, олардың біреуі – спортшы немесе ресми тұлға, екеуі – мүдделі тараптар өкілдері», - делінген хабарламада. 

Олимпиада ойындары Бейжіңде 4-20 ақпан аралығында өтеді.