Бес жасар қыз кітап жазып, әлемдік рекорд орнатты, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
UPI басылымының мәліметінше, ұлыбританиялық Белла Джей Дарк бес жасында кітап шығарған. Осылайша әлемдік рекорд орнатып отыр. Ол - қыздар арасында өз туындысын шығарып, мыңнан аса данамен сатқан ең жас қаламгер. Бұл көрсеткіш - рекорд ретінде тіркеудің басты шарты.
Кішкентай қыз кітаптағы оқиғаны өз бетінше ойлап тауып қана қоймай, "Жоғалған мысық" деп аталатын кітабына арнап суреттер салған.
"Жолдасым екеуміз оны қатты мақтан тұтамыз. Бұл - жоғалған мысық туралы және оның анасыз жүруге болмайтынын түсінгені туралы оқиға. Менің ойымша, оның мағынасы жақсы", - деді қыздың анасы Челси Сайм.