20 мам, 2019 сағат 04:15

Бес өңірде үсік жүреді: Дүйсенбіге ауа райы болжамы

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 20 мамыр күні жаңбыр жауады. Тек батыста, оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Республиканың кей аймақтарында найзағай, тұман, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстіктің кей жерлерінде шаңды дауыл болжанады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, түнде Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл болжанады, желдің екпіні 25 м/с артады. Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін. Қарағанды облысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 23 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл болжанады, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысында найзағай, тұман, бұршақ күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақмола облысында кей жерлерде найзағай, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарында таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с артады.

Жамбыл облысында дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Павлодар облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі, желдің екпіні - 18 м/с.

Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде үсік күтіледі - 1-3 градус.

Қызылорда, Түркістан облыстарының жекелеген аумақтарында жоғары өрт қаупі сақталады.