04 там, 2020 сағат 14:20

Берлинде белгісіз біреулер инкассатор көлігіне шабуыл жасаған

Берлиндегі Вильмерсдорф ауданында белгісіз үш адам инкассаторға шабуыл жасаған, деп хабарлайды  немістің Der Tagesspiegel газеті.

Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл жасағандар оқиға орнынан қашып үлгерген. Берлин полициясы Twitter-де банк бөлімшелерінің бірінің маңында инкассаторға шабуыл жасалғанын растап, Бундесплац алаңы маңына жақындамауға шақырды. Қазір ол аумақты автомат асынған полицейлер қоршауға алды. Қаскүнемдерді іздеу және ұстау үшін арнайы операция басталды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындардан абай болуды өтінді. Себебі қашып кеткен қылмыскерлер қаруланған әрі қауіпті болуы мүмкін. 

Атыс кезінде бір адам жараланып, ауруханаға жатқызылды. 

Оқиғаның анық-қанығы тексеріліп жатыр.