ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының әлеуметтік желідегі кей жазбалары неліктен кеш жарияланатынын түсіндірді, деп жазады zakon.kz порталы.
Берік Уәлидің сөзіне қарағанда, Қасым-Жомарт Кемелұлы демалыссыз еңбек етіп, туындаған қатерлерге дер кезінде жедел назар аударады. Дағдарысқа қарсы күн тәртібімен қатар, Президент мемлекетті дамытудың ұзақ мерзімді міндеттеріне де, атап айтқанда экономиканы қолдауға, әлеуметтік салаларға да жіті көңіл бөліп отырады.
«Мемлекет басшысы елдегі жалпы жағдайды жіті бақылап, БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жариялымдармен танысуға үнемі уақыт табады. Қасым-Жомарт Кемелұлы қажет деп тапқан жағдайда, жазба жариялап, қоғам назарына іліккен оқиғаларға қатысты өз көзқарасын білдіріп, тиісті тапсырма береді. Жұмыс кестесі тығыз болғандықтан, мұндай жазбалардың кеш жариялануы түсінікті деп ойлаймын, - деп түсіндірді Берік Уәли.
Сонымен қатар, баспасөз хатшысы Президенттің демалыссыз еңбек етіп жатқанын атап өтті.a