25 қаз, 2021 сағат 10:00

Бердімұхамедов Тоқаевқа ақалтеке мен тазы күшігін сыйға тартты - видео


Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов ат спорты кешенін аралау кезінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа асылтұқымды ақалтеке сыйға тартты.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде жариялады.

"Ашхабадтағы жылқы кешенін аралап көру барысында Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа асылтұқымды Ақалтеке арғымағын сыйлады.

Бұдан бөлек, еліміздің басшысына түрікмен тазысының күшігін сыйға тартты", - деп жазды Берік Уәли.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президентіне "керемет сыйы" және "бауырлас түрікмен халқы" тарапынан достық танытқаны үшін алғыс айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Түрікменстанға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірге Ақалтеке жылқысына арналған кешеннің ипподромын аралап көргені хабарланған болатын.