09 қаз, 2017 сағат 19:11

Бензинге қойылған шектеу қашан алынатыны белгілі болды

«ҚазМұнайГаз» жанармай құю бекеттерінде бензин 152 теңгеден сатылып жатыр. Алайда мұнда 20 литрден артық бензин берілмейді. Шектеу алдағы бейсенбі күнге дейін болады. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпаратBaq.kz порталына сілтеме жасап.

«Кеше біздің жұмысшылар жанар-жағармай құю станцияларын аралап, бағаға мониторинг жасап шықты. Бағаларға тоқталар болсақ, «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның жанармай құю бекеттерінде бензин 152 теңгеге сатылып жатыр. Бірақ «ҚазМұнайГаз» АҚ бензинге лимит қойды. Яғни бензин 20 литрден артық берілмейді. Осы алдағы бейсенбі күнге дейін (12 қазан – автор) жанар-жағармайдың жаңа қоры келуі керек. Содан кейін бензинге деген шектеу алынады. Содан бастап, тұтынушылар қанша алғысы келсе, сонша алатын болады», - деді басшы.

Кейін вице-министр басқа жанар-жағармай құю бекеттерінде бензиннің қанша теңгеге сатылып жатқанын алға тартты.

«Бензин Helios-та -150 теңгеге, Nomad-та – 153 теңгеге, Sinooil-да 152- теңгеге, ГазПромНефть-де – 156 теңгеге сатылуда. Астанада кеше ешқандай кезек болған жоқ. Бензин кезексіз саталып жатыр», - деді Әсет Мағауов.