22 қаң, 2022 сағат 13:06

Бельгияда «коронавирус барометрі» іске қосылды


28 қаңтардан бастап Бельгия Үкіметі пандемия жағдайында жаңа құралды – «коронавирус барометрін» іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Коронавирус барометрі» үш түстен тұрады - қызыл, сары және қызғылт сары. Сары - эпидемиологиялық жағдай мен бақылаудағы ауруханалардың жүктемесін, қызғылт сары - эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын, қызыл - денсаулық сақтау саласында жұмыс ауыртпалығының арту қаупін білдіреді. 

«Шешім жағдайды ғылыми талдауға, статистикаға негізделеді, сонымен қатар пандемиямен күрес шараларындағы әлеуметтік сәтке назар аударылады», - деп түсіндірді премьер-министр Александр Де Кроо. 

«Келесі жұмадан бастап біз қызыл барометр кодына ауысамыз», - деді ол. 

Сонымен қатар, 1 наурыздан бастап Бельгия тұрғындарында бірінші екпенің екінші дозасы бес айдан астам уақыт бұрын жасалған болса, COVID-сертификатының әрекетін жалғастыру үшін күшейткіш вакцина міндетті болады. 

«Қосымша вакцинация біздің әлеуметтік өмірімізді сақтай алатынымызға кепілдік береді» деп қосты Бельгияның премьер-министрі.