Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында Брюссельде белгілі қазақстандық ғалым, профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың «Тарих толқынындағы Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі. XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және американдық карталардағы Қазақ мемлекеті» атты бірегей кітаптың тұсаукесері өтті. Кітап Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің қолдауымен жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сыртқы істер министрлігі таратқан мәліметке сенсек, шараға Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің, Еуропалық Парламенттің, Еуропалық комиссияның, Энергетикалық Хартия хатшылығының өкілдері, Бельгияда аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің басшылары мен қызметкерлері, Брюссельдің академия және мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ қазақстандық диаспора мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Кітап - М.Сыдықназаровтың әлемдік коллекциялардағы (еуропалық, америкалық, шығыс) көпжылдық бастамашыл зерттеулері мен еңбектерінің нәтижесі.
Онда 130 карта хронологиялық тәртіппен автордың сипаттама-дескрипторлары, түсініктемелері келтірілген, толық шығу деректері мен техникалық параметрлері ұсынылған, сипатталған, келтірілген.
М.Сыдықназаровтың әлемдік картографиялық коллекциялардағы ұзақ жылдар бойғы зерттеулерінің жемісі бола отырып, қазақстандық, сондай-ақ халықаралық ғылыми, мәдени-ақпараттық кеңістікке еуропалық және американдық карталарда тіркелген Қазақ мемлекеті туралы жаңа ғылыми фактілер жинағын әкеледі.
Казақстандық ғалымның ғылыми-техникалық параметрлер бойынша карталарды, олардың толық, жан-жақты деректерін беру мен сипаттаудағы мұқияттылығы назар аудартады.
Ол сенімді карталар мен дереккөздерді іздеуде Принстон, Стэнфорд, АҚШ Конгресінің кітапханасы және тағы басқа танымал әлемдік ғылыми және университет орталықтарымен үлкен және жемісті жұмыс жүргізген.
Брюссельде біздің ғылыми және рухани тарихымыз үшін маңызды бұл кітаптың шығуы - терең символдық сипатқа ие және салтанатты.
Бельгиялық, нидерландтық ғалым-картографтар Қазақ мемлекетін өз карталарында субъектілігі бар ел ретінде көрсеткен алғашқы еуропалықтар болды.
Еуропалық – бельгиялық, нидерландтық, ағылшын, француз, неміс, ирландиялық, австриялық, итальяндық, шотландтық, ал кейінірек америкалық ғалымдар, географтар, картографтар жазған Қазақ мемлекеті XVI-XIX ғасырлар аралығында көрсетілген, орта ғасырлардағы бірегей карталары бар кітап қазақ-еуропалық ынтымақтастықтағы және қазақстандық қоғамның үздіксіз мемлекеттіліктің орныққан дәстүрлерін түсінудегі маңызды мәдени межеге айналады.
XV-XIX ғасырлардағы көптеген еуропалық карталарда объектілердің орналасуы, сол кездегі географиялық, картографиялық ғылымның дамуына байланысты әрдайым егжей-тегжейлі дәл бола бермейді және дәл ғарыштық суреттермен расталған әлем туралы қазіргі заманғы картографиялық түсінігімізге сәйкес келмейді.
Алайда, еуропалық және америкалық карталар, жалпы алғанда, Қазақ мемлекетінің орналасқан жері мен шекарасының біздің түсініктеріміз бен тарихи-мәдени деректерімізге сәйкес келетінін көрсетеді.
Кітаптың тұсаукесері барысында автор «қазақтардың автоэтнонимінің дыбысталуының түпнұсқасына жақындығы мен белгілі бірлігі, әлемдік, оның ішінде Еуропалық картографтар, саяхатшылар, Орта ғасыр, Жаңа заман дипломаттары өздері әзірлеген карталарда өздерінің ұлттық тілдерінде: кітаби, ғылыми латын және тірі тілдерде: нидерланд, фламанд, ағылшын, француз, итальян, валлон, фриз, неміс, және т.б. тілдерде тіркелген және транскрипцияланған ғылыми, тарихи-саяси айқындаулардың ауқымдылығы мен алуан түрлілігі таң қалдырады», - деп атап өтті.
М.Сыдықназаровтың пікірінше, «ғалым географтардың, картографтардың, саяхатшылардың, көпестердің, дипломаттардың карталарындағы Қазақ мемлекетінің политонимдері, кратонимдері әр түрлі, олар көбінесе фонетикаға, қабылдаушы тілдің орфоэпия нормаларына тәуелді болды.
Бірақ олардың барлығын бір нәрсе біріктіреді: Еуразияның кең аумақтарындағы орасан зор этномемлекеттік, этномәдени, әскери-саяси процестерге қарамастан, Қазақ мемлекетінің атауларының уақыт пен кеңістікте тұрақты болуы».
«Qazaq», «Казак», «Қазақ» Қазақ мемлекетінің автократонимін, автоэтнонимін және автополитонимін – еуропалық тілдерде біз XV-XIX ғасырларың карталарында«Pays De Kassaks», «Land der Kirgis Kaisaken»,«Independent Tartary», «Independent Tartars», «Tartarie Independante», «Cassachi», «Cassakia», «Cassaqy», «Cassak», «Cassaky», «Caßakia», «Chalzag Stati del Tartaro», «Cazalgites», «Chalzag», «Chazalgites», «Cosaques Errans», «Kassakia», «Kalzag», «Kasakia», «Kasaсia», «Kassacia», «Kasatsha», «Kasacha»,«Kassaki Tartari», «Kaski Tartari»,«Kasakki», «Kasaki», «Kassaki», «Kasakhi», «Kayissaks», «Kaizaken», «Kazak», «Kaissaken», «Kaisaks», «Khasaks», «Kasatsia», «Kazatschia», «Kazaschia», «Kasake», «Kasakhe», «Kassakia Horda», «Kassacia Horda», «Kirghiz», «Kirghiz Khasaks», «Khirghiz Kaizak»және басқа да экзоэтнонимдер, экзополитонимдер және экзократонимдер түрінде кездестіреміз», - деп атап өтті автор.
Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың сөзіне қарағанда, көптеген карталарда Қазақ мемлекеті екі рет белгіленген, бұл картографияның еуропалық дәстүріне, қарастырылып отырған кезеңнің топонимиясына сәйкес кез-келген мемлекеттің барлық қол жетімді кратонимдерін, политонимдерін және этнонимдерін өздеріне белгілі тілдерде, олардың орфоэпиялық нормаларын (айтылу нормаларын) беру дәстүріне сәйкес келеді.
Себебі - карталарды еуропалық ғалымдар, географтар, картографтар, баспагерлер, ең алдымен еуропалық оқырмандар, саяхатшылар, көптеген ұлттық тілдерде оқитын зерттеушілер үшін шығарғандықтан.
Мысалы, Каспий теңізінің атаулары көбінесе еуропалықтарға белгілі барлық атауларымен - «Маре де Сала Маре де Баку олим Каспийм» (Mare de Sala mare de Bachu olim Caspium) және т. б. беріледі, бұл сол кездегі тек нидерландтық қана емес, жалпы еуропалық географтар, картографтардың дәстүрінде.
Оның айтуынша, Нидерланд, Бельгия, Англия, Франция, Италия, Германия, Австрия және АҚШ-тың алдыңғы қатарлы картографиялық баспаларда Қазақ Мемлекеті біз қарастырып отырған тарих кезеңінде басып шығарылатын саяси және өзге де атластарда тұрақты түрде орын алған.
М.Сыдықназаров сөзінің соңында «Еуропалық зерттеушілердің, картографтардың, саяхатшылардың, ал кейінірек американдық ғалымдардың, Қазақ мемлекетін, Қазақ мемлекетінің кратонимін XVI-XIX ғасырлардағы өз атластарында белгілеуі мен жазудағы бірлігі, мемлекеттің атауы 1465 жылы Қазақ хандығы құрылған сәттен бастап, таза автоэтнонимнен ауыса отырып, әлем картасында танылатын, институционалдық бекітілген және ең бастысы – бір мезгілде политоним, топоним және кратоним ретінде танылатын жағдайды көрсететінін» атап өтті.
Кітап іс-шараға жиналған қонақтардың қызығушылығын тудырды, олар еңбекпен мұқият танысып, басылымға жоғары баға берді.
Ол ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде басылып, Бельгия Корольдік кітапханасының тізілімінде тіркелген.