Бельгияның госпитальдарындағы қарқынды терапия бөлімшелеріне коронавируспен ауыратын науқастардың түсуі айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Бельгияның Sciensano Қоғамдық денсаулық сақтау институтының мәліметтеріне сілтеме жасап.
Бұл көрсеткіш тәулігіне 500 науқастан төмендеп, Бельгия үкіметі жанындағы консультативтік Комитетке 9 маусымнан бастап елдегі кезекті карантинді жеңілдетуге рұқсат беруге негіз болды.
1-8 маусым аралығында коронавирус инфекциясының диагнозымен орташа есеппен тәулігіне 67,1 пациент келіп түскен, бұл алдыңғы бақылау кезеңімен салыстырғанда 21%-ға аз.
Сейсенбіде Бельгияның ауруханаларында барлығы 888 адам болды (7 маусымнан 80-ге аз), олардың 194-і механикалық желдету аппаратында болды.
Бельгияда COVID-19 орташа тәуліктік тестілеу 2%-ға артты (орта есеппен 44 576 тест өткізілді), оның ішінде науқастар оң көрсеткішпен 3,5%-ға төмен анықталды.
Пандемия басталғаннан бері Бельгияда коронавирус инфекциясының 1 072 175 жағдайы тіркелді.
8 маусымдағы жағдай бойынша Бельгиядағы ересек тұрғындардың 56%-дан астамы коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы инъекциясын алды. Бұл көрсеткіш 5,1 миллионнан астам адамды құрайды. Оның ішінде 2 587 467 адам (Бельгияның ересек тұрғындарының 28,1%) екінші дозаны алды және қазіргі уақытта толық қорғалған болып саналады.
Осыған байланысты Бельгия билігі бүгіннен бастап кафелер мен мейрамханаларға келушілерді тек жазғы алаңдарда ғана емес, сонымен қатар ғимарат ішінде де қабылдауға рұқсат берді. Сонымен қатар қала орталығының ерекше жанданған аудандарынан басқа көшелерде міндетті түрде бетперде кию тоқтатылды.