03 қыр, 2019 сағат 16:19

Белгілі Құран аудармашысы қайтыс болды

Құран Кәрімді орыс тіліне аударған Валерия-Иман Порохова қайтыс болды, деп хабарлады Ресейдің мүфтийлер кеңесі.

Мүфтийлер кеңесі Валерия Порохованың отбасына көңіл айтты. Аудармашы 79 жасында көз жұмды.

Порохова синхронды аудармашы болған. Ол Құран Кәрімді орыс тіліне тәржімалаған.

"Мен Валерия Порохованың күйеуі Мұхаммад әл-Рошд, отбасы және жақындарының қайғысына ортақпын. Алладан туысқандарына сабыр беруін сұрап, дұға етемін", - деп жазды мүфтий Гайнутдин.

Сәрсенбі, 4 қыркүйек күні Мәскеуде Валерия Порохованың жаназасы шығарылады.