30 нау, 2017 сағат 09:38

Фредди Кроуч: Головкиннің құпиясы ашылды

Әлем боксында танымал бапкер Фредди Роуч орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен америкалық Дэниэл Джейкобстың (32-2, 29 КО) жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды kaz.vesti.kz.

34 жастағы Головкин 18 наурызда Нью-Йоркте өткен жекпе-жекте қазылар алқасының шешімімен жеңіске жеткен еді. Айтпақшы, қазақстандық 4-ші раундта Джейкобсты нокдаунға түсірген еді. Алайда америкалық қазақстандыққа 12 раунд бойы шыдас берген бірінші қарсылас болды.

"Головкин жеңді, бұл өте жақсы жекпе-жек болды. Джейкобс жақсы жұдырықтасты, бір-екі жақсы соққы жіберіп алды, есеп айырмашылығы нокдауннан көтерілді. Жақыннан жұдырықтасты, бірақ Головкин сөзсіз жеңді. Головкин қартайғандықтан кездесу осындай болған шығар, оның құпиясы ашылды немесе ол Джейкобс сияқты солақайлармен жөнді жұдырықтаса алмайды. Джейкобс әбден титықтатты. Жұдырықтасу мәнеріне қарап отырып, Головкин баяулап қалғандай көрінді. Бірақ маған осылай көрінгені қарсыласының мықтылығы шығар. Сондықтан мұны да анықтауымыз керек", - деді Роуч Fighthub.com басылымына берген сұхбатында.