10 там, 2020 сағат 05:29

Беларусьте өткен президент сайлауында дауыс беру аяқталды

Беларусьте 9 тамызда ел президентінің сайлауында дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" әлемдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Беларусь ОСК төрағасы Лидия Ермошина сайлаудың соңғы нәтижесі дүйсенбі күні (Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 05:00-де) жариялануы мүмкін деді. Бірақ ВВС агенттігінің хабарлауынша ол әлі шықпаған. ТАСС-тың мәліметінше, СТВ телеарнасының тапсырысы бойынша өткізілген экзитпол Александр Лукашенкоға 71,4%, оппозицияның негізгі кандидаты Светлана Тихановскаяға - 10,1% дауыс бергенін көрсеткен. 

Әр түрлі БАҚ-тың хабарлауынша, жексенбі күні кешке Беларусьтің кейбір қалаларында сайлаудың алдын-ала нәтижесі бойынша наразылық акциясыы басталды. Түнге қарай Беларусьтің жетекші БАҚ сайттарының жұмысында ақау пайда болды, сонымен қатар билік сайттары, оның ішінде 2020 жылғы сайлауға арналған портал да жұмыс істемей тұр.