04 мау, 2021 сағат 18:58

Беларусь «Спутник Лайт» бір компонентті ресейлік вакцинаны тіркеді


Шри-Ланка Үндістан мен Вьетнамда болған өз азаматтарына елге кіруге рұқсат бермей жатыр. Беларусь ресейлік «Спутник Лайт» вакцинасын тіркеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ұлыбританияның Премьер-министрі Борис Джонсон AstraZeneca компаниясы шығарған коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның екінші дозасын алды. Бұл туралы Twitter-дегі парақшасында мәлім етті. 

Саясаткер ережеге сәйкес вакцинаның екінші компонентін біріншісінен 11 апта өткен соң салдырған. Процедура Лондондағы Фрэнсис Криктің биомедициналық зерттеулер орталығында өтті. «Сіздің кезегіңіз келгенде, коронавирус инфекциясына қарсы егіліңіз», – деп жазды Джонсон.

Шри-Ланка билігі коронавирус пандемиясының жалғасуына байланысты ел ішіндегі қозғалысқа тыйым салу мерзімін 14 маусымға дейін ұзартты. 1 маусымнан бастап Шри-Ланка аралға шетелдік туристердің келуіне шектеуді алып тастаған болатын. Шетелдіктер елге келмес бұрын ПТР-тест жасап, ел аумағына кірген соң екі апта карантинге оқшауландырылады. Алайда, соңғы 14 күнде Үндістанда немесе Вьетнамда болған адамдарға, тіпті олар Шри-Ланка азаматтары болса да, аралға кіруге рұқсат етілмейді.

Беларусьте коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік «Спутник Лайт» вакцинасы тіркелді, деп хабарланды Беларусь Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінен. Тіркеу бір жыл бойы жарамды болады. Препаратты Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жасап шығарды. «Спутник Лайттың» екі компонентті «Спутник V» вакцинасынан ең басты айырмашылығы, оның құрамы 26-шы типті аденовирус негізінде жасалған бір ғана компоненттен тұратындығында.