Беларусь президенті Александр Лукашенко симптомсыз коронавируспен ауырғанын мәлім етті, деп хабарлайды БЕЛТА.
Беларусь президенті елдің Ішкі істер министрлігіне қарасты №3214 әскери бөліміне барған кезінде бөлімнің басшылығы мен жеке құрамымен кездесу барысында симптомсыз коронавируспен ауырғанын жеткізген.
«Мен дауысымның қарлығып қалғаны үшін кешірім сұраймын. Соңғы кездері көп сөйлеуге тура келіп жүр. Ең қызығы бүгін сіздер өз аяғымен жүріп, коронавируспен ауырып, жазылған адамды көріп тұрсыздар. Дәрігерлер осындай қорытынды жасады. Ауру - симптомсыз», - деді Александр Лукашенко.