10 там, 2020 сағат 09:33

Беларусь ІІМ: Елдегі рұқсатсыз шерулерге қатысты жағдай бақылауға алынды

Беларусь ІІМ Минск қаласында және облыс орталықтарында рұқсат етілмеген шерулерге қатысты жағдайды бақылауға алғанын мәлім етті, деп хабарлайды БЕЛТА агенттігі.

«Облыс орталықтары мен Минск қаласында рұқсат етілмеген бұқаралық шаралар өтіп жатқанына қарамастан, милиция жағдайды бақылауға алған», - деді ІІМ ресми өкілі Ольга Чемоданова. 

Оның айтуынша, қазір біраз адам ұсталған.

«Толық ақпарат әзірге қолымызда жоқ. Милиция барлық қалалар, бүкіл ел аумағындағы жағдайды бақылауға алған», - деді О.Чемоданова. 

Министрлік толық ақпаратты кейінірек хабарлайтынын мәлім етті.