17 қаң, 2020 сағат 11:30

Беков Қанат Исламды жаттықтырмайтын болды

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) бапкері Багаудин Бековпен қош айтысты, – деп хабарлайды Vesti.kz.

«Өкінішке қарай, Қанатпен қызметімді тоқтатуыма тура келді. Уақытымның тығыздығы онымен жаттығуға көп уақыт бөлуге мүмкіндік бермейді. Спорттық дайындық теориясы мен әдістемесі туралы дәріс оқу, сонымен бірге, фитнес-директор, қоғамдық бірлестік президенті болу және аты шыққан боксшыны жаттықтыруды қатар алып жүру мүмкін болмай кетті. Ең көп уақыт соңғысына кетеді. Осы себепті командасынан кетуіме тура келді», – дейді Беков.

Айта кетейік, Беков 2019 жылы Қанат Исламды екі жекпе-жекке жаттықтырған болатын. Бірі, доминикандық Хулио Де Хесуспен (27-2, 24 КО) маусымда және намибиялық Уолтер Каутондоквамен (18-2, 11 КО) қазанда өтті.