«Buzz Lightyear» анимациялық фильмі Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмейді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Ел азаматтары мен БАҚ өкілдері тарапынан шетелдік «Базз Лайтер» анимациялық фильміне қатысты көптеген сұрақ келіп түсті. Жауабымды осы пост арқылы жеткізуді жөн көрдім. Аталған картина Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмейді" - деп жазды министр.
Айта кетейік, Pixar-дың бұл мультфильміне 14 елде, соның ішінде Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктерінде тыйым салынған. Сондай-ақ, кейбір қазақстандықтар да мультфильмнің көрсетілуіне тыйым салуды талап етіп, қол жинады.
Балаларға арналған картинада екі әйел кейіпкер сүйісетін сахна бар. Әуелде бұл сахна мультфильмнен алынған, бірақ Pixar қызметкерлерінің "Disney гомосексуализмді цензуралады" деген мәлімдемесінен соң оны қалпына келтіруге тура келген.