Астанадағы "Бәйтерек" монументінің қайта жөндеу жұмыстарына қанша қаражат жұмсалғаны жарияланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Қаланың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерғали Егемберді Астана маслихатының отырысында елорданың басты символына айналған ғимаратқа жұмсалған қаражат туралы айтты.
"Биыл мәдениет нысандарына үш миллиард теңге бөлінді. "Бәйтерек" мұнарасын қайта жөндеу жұмыстарына 2 миллиард теңге жұмсалды. Әлеуметтік атаулы шараларды өткізуге - 307 миллион теңге бөлінді", - деді Ерғали Егемберді.
Айта кетейік, "Бәйтерек" монументі 2017 жылы қаңтарда жабылған еді. Астананың басты символына айналған нысан маусым айында ашылды.