Байқоңыр ғарыш айлағынан бейсенбі күні әскери мақсаттағы ғарыш құрылғысы бар «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылды, деп жазады ТАСС.
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан Ресейдің қорғаныс министрлігінің ғарыш құрылғысы бар күрделі сыныптағы «Протон-М» зымыран-тасығышы сәтті ұшырылды», - деп хабарлады Ресейдің қорғаныс министрлігі.
Зымыранды ұшыруды Ғарыш әскерінің қолбасшысы - әуе-ғарыш күштері бас қолбасшысының орынбасары, генерал-полковник Александр Головко өз басшылығына алды.
«Протон-М» зымыран-тасығышын ұшырудан алдыңғы және оны ұшыру операциялары штаттық режимде өтті», - деп мәлім етті РФ Қорғаныс министрлігі.
Бақылау Әуе-ғарыш күштері Ғарыш әскері Г. С. Титов атындағы басты сынақтан өткізу ғарыш орталығының жердегі құралдарымен жүргізілді.