Сурет: Getty Images
АҚШ президенті Джо Байден шатасып, Израиль Ресей аумағына басып кіруді жоспарламағанын айтты.
Байден Палестина деудің орнына Ресей деп айтқан.
"Менің ойымша, Нетаньяху мені тыңдайды. Олар Ресейге басып кіруді жоспарламаған еді, Рафахқа толық көлемде басып кірмейді", – деді Байден.
Бұған дейін де Байден елдердің атауларын шатастырып, Вашингтонның Украинаның саясатына араласқан шешімін сынаған еді. Осыдан кейін ол Украинаны емес, Ирак пен Ауғанстанды меңзеп тұрғанын түсіндіріп, сөзін түзеді.
Байден қазір 81 жаста. Ол – АҚШ тарихындағы ең кәрі президент.