Актриса және продюсер Баян Алагөзова бұрынғы жұбайы Бақытбек Есентаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Шоу бизнес өкілі бұл жаңалыққа қуанғанын және ол үшін 2022 жыл айтулы оқиғаларға толы болғанын атап өтті.
"Биылғы жыл мен үшін өте маңызды болды: немерем дүниеге келді, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы фильмім әлемді зор жетістікпен шарлап жүр, қазіргі жұбайыма қатысты әділдік орнады. Ал бүгін бұрынғы жұбайым Бақытбек Есентаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босатылатыны белгілі болды. Бір ай бұрын оның сұрауы бойынша мен оның босатылуына қарсы емеспін деген өтінішке қол қойдым, сот өтінішімді қанағаттандырды және ол көп ұзамай бостандыққа шығады. Мен өте қуаныштымын және оған шын жүректен денсаулық пен бар жақсылықты тілеймін! Өзім үшін, отбасым үшін, балаларым мен немерелерім үшін! Құдайға шүкір!", - деп жазды продюсер Instagram парақшасында.
Еске салайық, бүгін Бақытбек Есентаев мерзімінен бұрын бостандыққа шығатыны белгілі болған еді. Ол 6 жыл 1 ай 2 күн қамауда отырды.