Ресейлік блогер әрі урбанист Илья Варламов Қазақстанда қалай "қазақ болғанын" айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Біз керемет уақытта өмір сүріп жатырмыз, достар! Бүгінгі таңда сәнді һәм бай көріну үшін қазақ болу немесе Қазақстанға келіп, қазаққа ұқсау жеткілікті. Мен не айтып тұрғанымды білемін!
Бір апта бұрын мен киіз үйде тауға қарап, бешбармақ жеп отырып, өмір қандай керемет деп ойладым! О, сіздер менің қандай бешбармақ жегенімді елестете де алмайсыз! Әр қасық - жұмаққа апаратын керемет баспалдақ!", - деді блогер Telegram-арнасында.
"Міне, бір апта өтсе де мен бақыттымын. Алдымда сорпа құйылған тәрелке мен киіз үй жоқ болса да мен әлі осы суреттердегідей бай көрінемін. Әрқайсыңызды құшақтаймын! Жабыраңқы адамдарды жарқын болашаққа қабылдамайды, есіңізде болсын!", - деді Варламов.