17 мау, 2020 сағат 17:54

Баварияда вокзал жанында қуатты жарылыс болды

Баварияның Гюнцбург қаласындағы теміржол вокзалының жанында орналасқан бос ғимаратта қуатты жарылыс болды. Оқиға салдарынан 11 адам зардап шекті. Бұл туралы RTL телеарнасы хабарлады.

Кейінірек зардап шеккендер жақын маңда жұмыс істеп жатқан құрылысшылар екені белгілі болды. 

Жарылыс 100 метр радиустағы бірнеше ғимаратты зақымдады. Сонымен қатар 30 вагон мен теміржолға залал келді.

«Теміржол вокзалы жабылды, Аугсбург пен Ульм арасындағы пойыздар тоқтатылды», - делінген телеарна хабарламасында.

Болжам бойынша, төтенше жағдайға газ баллонының детонациясы себеп болған. 

Оқиға орнында құқық қорғаушылар мен құтқару тікұшағы жұмыс істеп жатыр.