"Қазгидромет" РМК 27-29 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Болжамға сәйкес, республиканың батыс және оңтүстік аудандарында жылы ауа райы сақталады. Еліміздің қалған аумағындағы ауа райына атмосфералық фронтал бөліктер әсер етеді, салдарынан найзағай ойнап, жаңбыр жауады және жел күшейеді, солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңғы сағаттарда топырақ бетінде үсік жүреді.
"Күндізгі ауа температурасы Қазақстанның батысында +31+39 градус шегінде сақталады, солтүстік-батысында +23+34 градус болады, елдің солтүстігінде ауа температурасы +17+22 градустан +20+25 градусқа дейін аздап көтеріледі, орталықта +23+31 градустан +18+28 градусқа дейін ауытқуы, шығысында +20+30 градустан +13+23 градусқа дейін төмендеуі болжанады, ауа температурасының негізгі аясы республиканың оңтүстігінде +25+37 градус, оңтүстік-шығысында +20+32 градус болады", - делінген хабарламада.