Халықаралық баскетбол федерациясы (ФИБА) үшінші біліктілік бәсекесін өткізгеннен кейін ерлер құрамалары рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Sports.kz сайты.
Қазақстан құрамасы бірден 5 позицияға көтеріліп, 74-ші орынға орналасты.
Эмиль Райкович командасының активінде 124.3 рейтингтік ұпай бар.
ФИБА Қазақстан құрамасын рейтингте ең жоғары көтерілген бес команданың бірі ретінде атап өтті. Тізімнің бес көшбасшысы өзгеріссіз қалды: АҚШ, Испания, Австралия, Аргентина және Сербия. Грекия командасы Франциямен ауысып, 6-шы орынға ие болды.