ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша 12 жастан асқан балаларға Ashyq қосымшасын пайдалануға рұқсат етілетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы 12 жастан асқан балалардың компьютер клубтары, цирк, кинотеатр, балалардың сауықтыру орталығы, облысаралық және қала аралық туристік тасымалдарға Ashyq қосымшасы арқылы ерікті түрде тіркеле отырып кіруін қамтамасыз етсін», - деп жазылған құжатта.
Сондай-ақ, аталмыш санатқа Ashyq қосымшасынан бөлек EGOV mobile, Аitu платформасындағы баламаны, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz қосымшалары арқылы ashyq.kz сайтына ерікті түрде тіркелуге болатыны айтылған.
Еске салсақ, Бас санитардың қаулысы бойынша Алматыда демалыс күнгі шектеулер күшейтілген болатын.
«Қаладағы эпидемиологиялық жағдай трұақтанған жағдайда карантиндік шараларды жеңілдетуді енгізу тиісінше ағымдағы жылғы 4 және 6 қыркүйектен басталсын», - деп жазыған қаулыда.
