Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов Twitter әлеуметтік желісінде парақша ашты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Жеке парақшама қош келдіңіздер. Мен үшін прокуратура органдарының қызметі туралы пікірлер мен оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар алу өте маңызды", - деп жазды Бас прокурор.