Елордалық «Барыс» құрамына швециялық шабуылшы Якоб Лилья қосылды.
Бұл жөнінде команда басшылығы ресми түрде хабарлады. Келісімшарт бір жылға жасалды. Ол 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін жарамды.
Якоб Лилья 1993 жылдың 23 шілдесінде Швецияның Лимхамн қаласында дүниеге келген. Хоккейдегі алғашқы қадамын өз елінің «Лимхамн» клубында бастаған. Сондай-ақ, сол елдегі «Юргорден» клубының намысын қорғады.
Былтыр Ұлттық хоккей лигасындағы «Коламбус» клубында тұсаукесер маусымын өткізді.
2018/19 жылғы кезеңде Швеция құрамасы сапында Евротурдың кезеңдік ойындарына қатысты.
Сондай-ақ, «Барыс» тамызда өтетін Президент кубогы турниріне қатысады.