Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін Желіде сол маңда түсірілген видео тарап жатыр. Онда әйел жарылыстан кейінгі дүкен ішін көрсеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Желіде тараған видеода әйел адам алапат жарылыс болғанын айтады.
"Терезелер жоқ, бәрі қираған. Алапат жарылыс болды. Қалғаны осы. Бәрі қираған", - дейді жылап тұрған әйел кадр сыртында.
Кадрлардан алыста қара түтін шығып жатқанын көруге болады. Соның маңындағы дүкеннің іші видеоға түсірілген. Терезелер сынып, дүкен төбесіндегі ағаштар құлағанға ұқсайды.
Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.
4210 рет оқылды