#
#
Жексенбі 01/11/2020

Бану Нұрғазиева Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті болып сайланды

  • 18.09.2020
  • 0
  • 82

2020 жылдың 17 қыркүйегінде Қазақстанның Азаматтық Альянсы конференциясының кезектен тыс отырысы өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, кездесу онлайн режимінде өтті. Конференция нәтижесінде Бану Ғаниқызы Нұрғазиеваны Азаматтық Альянстың Президенті етіп сайлау туралы шешім қабылданды.

Жалпы жұмыс өтілі - 39 жыл, оның ішінде мемлекеттік қызмет саласында - 28 жыл. 

Мемлекеттік наградалары бар: «Құрмет» ордені (2018 ж.), «Ерен еңбегі үшін» медалі (2004 ж.), «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалі (2005 ж.), «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» (2019 ж.), мерейтойлық медальдар «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл, 20 жыл, 25 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл, 20 жыл», «Қазақстан Республикасының және оның астанасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзі-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін».

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар