Бангладеш астанасы Дакка қаласындағы полиция учаскесінің аумағында болған жарылыс салдарынан кем дегенде бес адам жарақат алды. Бұл туралы Dhaka Tribune газеті.
Басылымдағы жазуынша, сейсенбі күні түнде құқық қорғаушылар өздерімен жарылғыш зат алып жүрген үш лаңкесті ұстаған. Оқиға оны залалсыздандыру әрекетін жасағанда орын алған.
Зардап шеккен бес адамның төртеуі – полиция қызметкерлері. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.