Балтық жағалауы елдері пандемияға байланысты енгізілген карантиннің қатаң талаптарын тоқтатты. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы хабарлады.
Эстония үкіметі COVID-19-ға қарсы күрес жүргізу үшін енгізілген шектеулерді жеңілдетпек. Бұған елдегі халықты жаппай вакциналау науқанының қарқын алғандығының нәтижесінде қол жеткізілді. Енді ғимараттарда өтетін шараларға қатысатын адамдардың санын 600-ге дейін арттыруға рұқсат етілген. Бұл ретте ғимараттар жүктемесінің 50% аспауына, адамдардың арасындағы арақашытыққа қойылатын талаптар сақталуы керек. Ашық орындарда 1000 адамның отыруына рұқсат етіледі. Жоғары деңгейдегі спорттық шараларды жабық, және ашық орындарда өткізуге де болады. Дүкендер мен қызмет көрсетуші компанияларға, егер орын толуы 50% аспайтын жағдайда, рұқсат етіледі.