19 сәу, 2022 сағат 11:03

"Баламның қызығын көре алмай қаламын деп қорықтым" - Ерке Есмахан


Танымал әнші Ерке Есмахан Instagram-парақшасында өзіне сәтті ота жасалғанын айтып, қолдаған тыңдармандарына алғыс білдірді.

"Ота жасату керек" дегенді дәрігерлерден естігенде, бірінші ойыма Муслим түсті. Сол баламды асыраймын деп шауып жүргенімде, қызығын көре алмай қаламын ба деген жаман ой келді.

Қорыққанға қос көрінеді демекші, қорыққан сәтте небір ой болады екен.

Алла мейірімді ғой, ота сәтті жасалды. Шүкір! Сіздердің дұғаларыңыз қабыл болды", - дейді әнші.

Әнші қазір үйде екенін жазып, оған тілекші болған барша адамға алғыс айтты.

"Рамазан айында еселеп қайтсын деп сұраймын. Алла баршаңызға денсаулық берсін, ауызбіршілік, молшылық, береке берсін. Сәби аңсап жүргендерге сәби берсін! Үйлі, күйлі болыңыздар!

Маған ауырған жараспайды екен. Енді ауырмайтын жол іздеу керек", - деді ол.