Биыл Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Балалар әдебиетін қолдау жылы» деп жарияланғаны белгілі. Осы орайда, «Балалар әдебиеті жылы» аясында, 10 тамыз қазақтың ұлы ақыны, хакім Абайдың туған күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Жас қаламгер» оқу мектебіне өтініш қабылдау жарияланды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Балалар мен жасөспірімдер арасында оқу сауаттылығын арттыру, табысты тұлғаны, бәсекеге қабілеттілікті және қазіргі заманғы қоғамда өзара іс-қимыл жасай білуді қалыптастыру, өзін-өзі тану үшін жағдай жасау және балалар мен жасөспірімдердің танымдық-шығармашылық белсенділігін дамыту, заманауи білімін тереңдету, Абай мұрасы арқылы баланың ой-өрісін кеңейту мақсатында бастау алған жобада айтулы мамандар атсалыспақ.
«Биыл «Балалар әдебиетін қолдау жылы» аясында түрлі шаралар ұйымдастырылып жатқаны рас. Алайда бұл кезең арнайы науқан болып қалмауы керек. Біз осы мақсатта арнайы жұмыс жоспарын жасап, арнайы бағытпен жұмыс істеуге кірістік. «Жас қаламгер» мектебі жастарды оқу-білімге, ғылымға баулу мақсатында жастарды шақырып отырмыз. Біздің мектеп Драматургия мәдениеті», «Әдебиет әлемі – проза жанырында», «Тіл шеберлігі және поэзия», «Ғылым тап = Find science» (Абай шығармалары арқылы ағылшын тілін үйрету), «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы немесе ақын болудың құпия сырлары» бойынша 5 бағытта жұмыс істейді», - деді ағылшын тілінің аудармашысы, оқытушысы, журналист, абайтанушы Ернат Мелсұлы.
Айта кетейік, жобаны іске асыруға жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Мұқанова Роза Қажығалымқызы, ақын, аудармашы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері – Айт Несіпбек Тұрысбекұлы, айтыскер, ақын, филология ғылымының кандидаты – Дүйсенғазы Серікзат Мақсұтұлы, ағылшын тілінің аудармашысы, оқытушысы, журналист, абайтанушы - Ернат Мелсұлы, ақын, филология ғылымының докторы, профессор – Аймұхамбет Жанат Әскербекқызы жәнеде басқа жазушылар мен ақындар, зиялы қауым өкілдері қатысады.
«Балалар әдебиеті жылында» осындай игі бастамаға арқау болып отырғанымызға шын қуаныштымыз. Мен жазушы, драмматург ретінде балалардың әдебиетке деген қызығушылығын жақсы білемін. Және жастардың оқуға деген ынтасын арттыруға атсалыспақпыз. Балалардың сұранысын қанағаттандыру да оңай шаруа емес. Қазіргі уақытта осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», - деді Мемлекеттік сыйлықтың иегері Мұқанова Роза Қажығалымқызы.
Осы орайда айта кетейік, 10 тамыздан бастап 5 қыркүйекке дейін Нұр-Сұлтан қаласының мектептерінде оқитын балалардан, олардың ата-аналарынан өтініш қабылданады. Қатысушылар саны шектеулі, 175 бала. Сондықтан оқуға, дамуға талабы зор балалар әр бағыт бойынша жетекшілердің іріктеуі бойынша қабылданады. Курс 8 қыркүйекте басталады.
«Біз қазіргі таңда балалардың қызығушылығын зерттей келе, осындай мектеп ашуды жөн көрдік. Өйткені қазіргі балалардың болмысы бөлек, сұранысы басқа. Сондықтан да ел алдында қызмет етіп жүрген, еңбегі сіңген мамандарды жұмысқа тарттық. Өйткені баланың көңілінен шығу оңай емес. Егер балаңыз оқу-білімге, ғылымға, әдебиетке қызықса, біздің орталық сөзсіз жол көрсете алатынына сенеміз», - деді «Жас қаламгер» оқу мектебі жобасының үйлестірушісі Марат Мұхамеджанұлы.
Естеріңізге сала кетейік, Биыл Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Балалар әдебиетін қолдау жылы» деп жарияланғаны белгілі. Осы орайда, «Балалар әдебиеті жылы» аясында, 10 тамыз қазақтың ұлы ақыны, хакім Абайдың туған күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Жас қаламгер» оқу мектебіне өтініш қабылдау жарияланды. Балалар мен жасөспірімдер арасында оқу сауаттылығын арттыру, табысты тұлғаны, бәсекеге қабілеттілікті және қазіргі заманғы қоғамда өзара іс-қимыл жасай білуді қалыптастыру, өзін-өзі тану үшін жағдай жасау және балалар мен жасөспірімдердің танымдық-шығармашылық белсенділігін дамыту, заманауи білімін тереңдету, Абай мұрасы арқылы баланың ой-өрісін кеңейту мақсатында бастау алған жобада айтулы мамандар атсалыспақ.