26 шіл, 2022 сағат 10:47

Балалар арасында гепатиттің өршуіне не себеп болғаны анықталды


Британ сарапшылары әлемдегі көптеген балалардың аяқ астынан бауыр ауруына шалдығу себебін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Олар жүргізген зерттеу қорытындысына сәйкес, Covid-19 пандемиясы басталғалы гепатиттің кең тараған екі вирусына шалдығу жағдайлары сирек кездесіп, көптеген елдерде енгізілген қатаң шектеу шаралары алынған соң оқшаулау кезінде әлсіреген иммунитетке «шабуыл» жасап, балалар мекемелерінде белсенді тарала бастаған. 

Вирус салдарынан 35 елдегі 1000-нан астам бала гепатитке шалдықты. Науқастардың көбі - бес жасқа толмаған балалар. 

Олардың кейбіреулерінде инфекцияның ауыр болғаны соншалық, баланы құтқарудың жалғыз жолы – аурудан зардап шеккен органның трансплантациясы болды. 

Ұлыбританияның өзінде ғана гепатитке шалдыққан 12 балаға бауыр трансплантациясы отасы жасалды. 

Лондон мен Глазгодағы зерттеушілердің екі тобы коронавирус кезіндегі шектеулерге байланысты екі жыл бойы құрдастарымен байланыса алмаған балалар кейінірек әдетте нәресте кезінде қалыптасатын иммунитеттің болмауынан екі инфекцияға тап болған деген қорытындыға келді.

Салқын тию мен асқазанның бұзылуын тудыратын аденовирус (AAV2) әдетте ауруды өздігінен тудырмайды, өйткені оның жасушаларының көбеюі тек бір уақытта «көмекші» аденовирусты жұқтырған жағдайда ғана пайда болады.

Ғалымдардың айтуынша, бұл кейбір балаларда бауыр ауруының неліктен асқынғанын түсіндіріп отыр.