23 там, 2021 сағат 17:28

«Балалар әдебиеті жылы»: Төреқұловқа арналған кітап көрмесі өтті



Биыл «Балалар әдебиетін қолдау жылы» екені баршаңызға белгілі. Осы орайда Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада қазақ халық шығармашылығын зерттеуші және жазушы Нысанбек Төреқұловтың 100 жылдығына арналған «Қазақ шешендерінің кемеңгері» атты кітап көрмесі өтті, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Аталған көрме Ұлттық кітапхананың «Қазақстан кітаптары» қызметінің Ораз Жандосов атындағы оқу залында ұйымдастырылды.

«Биыл «Балалар әдебиетін қолдау жылы» ғана емес, филология ғылымдарының докторы, қазақ халық шығармашылығын зерттеуші және жазушы Нысанбек Төреқұловтың 100 жылдығы ескеріліп жатыр. Біздің кітапхананың қорында Нысанбек Төреқұлов туралы оның ғылыми еңбектері мен мақалалары, әңгімелері мен очерктері, сондай-ақ мерзімді басылым беттеріндегі ол туралы естеліктерінен тұратын 200-ден астам материалдар бар», - деді Ұлттық кітапхананың директоры Бақытжамал Оспанова.

Сонымен, зерттеуші ғалым және жазушының өмірі мен шығармашылық қызметімен таныстыру, насихаттау, сондай-ақ оқырмандардың назарын осы тұлға туралы көбірек білуге аудару мақсатында ұйымдастырылған көрмеге кітапхана қызметкерлері мен оқырманда қатысты. Ұлттық кітапхананың тұрақты оқырманы Алма Ұлтанбекова көрменің жастарға берері мол екенін атап өтті.

«Мен Ұлттық кітапханаға жиі келемін. Кітап көрмелері көптеп ұйымдастырылатынына куәмін. Ал бүгінгі көрменің ерекше, өйткені таудай кісінің 100 жылдығы мен «балалар әдебиетін қолдау жылының» тұспа-тұс келуі тегін емес. Балалар әдебиеті кішкентай әңгімелер мен тақпақтар деп тануымыз жөн емес. Балалар әдебиеті деген өте үлкен тақырып. Бұл науқандық тақырып емес, болашақтық тақырып деп білемін», - деді Алма Ұлтанбекова.

Айта кетейік, «Қазақ шешендерінің кемеңгері» атты кітап көрмесі Н.Төреқұловтың өмірбаянына арналған бөлімдер – энциклопедиялар, отбасылық фотосуреттер, соғыс жылдарындағы фотосуреттер және ол туралы әдебиеттермен ашылады. Көрменің келесі бөлімі ғылыми қызметі, ғалым-зерттеушінің ең танымал және маңызды жұмыстарын қамтиды. Н.Төреқұловтың қазақ халқы билер сотының  шығармашылығына және қазақ халқының фольклорын, оның көрнекті өкілдерінің бірі Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын зерттеуге арналған еңбектері қазақ әдебиеттануының дамуына қосқан елеулі үлесі болып табылады.

Кітапхана қызметкерлерінің айтуынша, көрменің үшінші бөлімі Н.Төреқұловтың жазушылық қызметіне арналған. Ол Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ батырларының патриоттық ерліктері туралы Бауыржан Момышұлы, Ағаділ Суханбаев, Садық Әбдіжаппаров, Бейсен Оңтаев, Қарсыбай Сыпатаев және комиссар Хаби Халиуллин туралы көптеген әңгімелер мен очерктер жазды.

Естеріңізге сала кетейік, Биыл «Балалар әдебиетін қолдау жылы» екені баршаңызға белгілі. Осы орайда Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада қазақ халық шығармашылығын зерттеуші және жазушы Нысанбек Төреқұловтың 100 жылдығына арналған «Қазақ шешендерінің кемеңгері» атты кітап көрмесі өтті. Аталған көрме Ұлттық кітапхананың «Қазақстан кітаптары» қызметінің Ораз Жандосов атындағы оқу залында ұйымдастырылды. Осылайша зерттеуші ғалым және жазушының өмірі мен шығармашылық қызметімен таныстыру, насихаттау, сондай-ақ оқырмандардың назарын осы тұлға туралы көбірек білуге аудару мақсатында ұйымдастырылған көрмеге кітапхана қызметкерлері мен оқырманда қатысты. «Қазақ шешендерінің кемеңгері» атты кітап көрмесі Н.Төреқұловтың өмірбаянына арналған бөлімдер – энциклопедиялар, отбасылық фотосуреттер, соғыс жылдарындағы фотосуреттер және ол туралы әдебиеттермен ашылады.