10 ақп, 2021 сағат 11:26

Балаева: Волонтерлер үшін адамдарға көмек көрсету – өмір сүру нормасы

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қайырымдылықты қолдау тұрғысындағы басымдықтар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әрине, қайырымдылық пен меценаттықты қолдау, сондай-ақ волонтерлік қызметті дамыту – мемлекеттің ұзақ мерзімді басымдығы», - деді министр «Қайырымды істер марафонының» басталуына арналған іс-шарада.

Осы орайда ол өткен жыл волонтерлік белгісімен өткенін, бұл бағыттағы қайырымдылық істер қозғалысы айналасында қазақстандықтардың елеулі бөлігі біріккенін еске салды. 

«Бұл ретте көптеген қайырымдылық әрі волонтерлік жобалар дәлел болып отыр. Бұл жобалар еліміздің қарапайым азаматтарының бастамасы бойынша қамтылды. Бүгінде осы 100 мыңға жуық адам үшін халыққа көмек көрсету жоғары гуманистік акті ғана емес, сонымен қатар өмір сүру нормасы және адамгершілік ұмтылысы болды», - деді министр. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елордада донорлар мен меценаттардың қатысуымен «Қайырымды істер марафоны» басталды. 

Айта кетейік, «Қайырымды істер марафоны» бастамасын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген болатын.