Фото: Мәжіліс
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек журналистердің еңбекақыны өсіру туралы сұрағына жауап беру келінде өзінің жалақысы күнкөріске жетпейтінін айтты, деп хабарлайды Ult.kz.
Оның сөзінше балалардың балабақшасы мен қосымша үйірелерінің өзіне ай сайын 300 мың теңге кетеді. Сондықтан мәжілісменнің жұбайы да жұмыс істеп, ақша табуға мәжбүр.
"Бес-алты баласы бар қай адамға 500,600,700 мың теңге жетеді? Кей депутаттарда бес-алты баладан бар. Балаларды балабақшаға, қосымша үйірелерге апарудың өзіне 300 мың теңге кетеді. Азық-түлік бағасының өсіп жатқанын ескерсек, тіпті 1 миллион теңге жетпейді. Мысалы мен 900 мың теңгеден сәл артық аламын, ол маған жетпейді. Сондықтан мен әйелімнің де жұмыс істеуін сұрадым. Ол да жұмыс істейді", - деді Бақытжан Базарбек.
