Багам аралдарындағы құтқару жұмыстары уақытша тоқтап қалды. Көшелерге көлге айналып, көліктер батып кеткен. Дауылдан кейін емхана, қоғамдық орындар мен ғимараттардың бәрі дерлік суға батты, деп хабарлайды New York Times.
Дориан дауылынан кейінгі Багам аралдарында теңіз толқып, қатты жел соғуда. Еске сала кетейік, жексенбіден бастап Багам аралдарының солтүстік-батысында орналасқан Абако және Гранд-Багам аралдарын дауыл талқандап кетті. Бұл – бесінші категориялы, Атлантикада тіркелген ең жойқын дауылдардың бірі. Басылым берген ақпарат бойынша, Үлкен Багам аралдарының 60 пайызы қазір судың астында қалды.
Багам аралдары Ұлттық қауіпсіздік министрі Марвин Дэймстің хабарлауынша, Абакода 7 адам қаза тапқан. «Оның ішінде балалар да бар» деді министр.
Майами дауылдарды зерттеу орталығының өкілдері Дориан дауылының қазіргі категориясын 2-ші сатыда деп бағалады, ол сәрсенбіге дейін Флоридаға жылжуы тиіс еді. Метеорологтар дауылдың күші саябырсыды дегенімен, ол құтқару жұмыстарына кедергі келтіріп, тоқтатып тастауға итермеледі.
Багам аралдарының астанасы Нассау қаласында көмек көрсету агенттігі құрылған. Алайда, желдің қатты соғуы салдарынан тікұшақтар зардап шеккен аймақтарға жете алмады. Адмирал Тодд Сокалзук шенеуніктерге қоңырау шалып, шатырдың төбесінде отырған, көмек сұрап жатқан тұрғындардың көп екенін айтты.
Басылымның хабарлауынша, самосвал және өрт сөндіру көліктері су басқан көшелер арқылы құтқару жұмыстарын жасауға талпынуда.
Абако және Гранд-Багам аралдары ең жоғарғы нүктеде, 30 фут биіктікте орналасқан. Ал дауылдың салдарынан күшпен аққан су 23 фут биіктікті басып қалған. Дориан дауылы сағатына 185 миль жерге жететін жылдамдықпен соққан. Ең соңғы рет мұндай жойқын апат Багам аралдарында 1935 жылы тіркеліпті.