03 қыр, 2019 сағат 06:47

Багам аралдарында 5 адам «Дориан» дауылының құрбаны болды

Багам аралдарында «Дориан» дауылының салдарынан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" New York Times-қа сілтеме жасап.

Премьер-министр Губерт Миннистің мәліметінше, жексенбі күні дауыл Багам аралдарының солтүстік бөлігіндегі Абако аралын зақымдаған.  Багамдық БАҚ жеті жасар баланың қаза тапқанын мәлім етті.

Bahamas Press газеті куәгерлерге сілтеме жасап, аралда көп адамның көз жұмғаны туралы жазды. 

Дауыл Абако инфрақұрылымына аса ауқымды шығын келтірді. Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдарының халықаралық федерациясы (IFRC) Багам аралдарында 13 мың үй қирағанын немесе зақымданғанын мәлім етті.

АҚШ-тың бірқатар оңтүстік штаттарында ТЖ режимі енгізілді, ал жағадағы округтерде эвакуация жарияланды.