Әзербайжанда COVID-төлқұжат енгізіледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Әзербайжанның ӘЗЕРТАДЖ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Әзербайжан министрлер кабинеті жанындағы Жедел штабтың 25 мамырда ұйымдастырылған брифингі кезінде Әзербайжан Респуликасы президентінің көмекшісі – президент Әкімшілігінің экономикалық мәселелер және инновациялық даму саясаты бөлімінің меңгерушісі Шахмар Мовсумов мәлім етті.
COVID-төлқұжат екі сертификаттан тұрады. Біріншісі – вакциналау туралы сертификат. Ол вакцинаның қос дозасын алғандарға беріледі.
Екіншісі – иммунитет туралы сертификат. Бұл сертификат вирус жұқтырған және сауығып шыққан тұлғаларға беріледі.
Екі сертификаттың да электрондық тексеру мүмкіндігі бар QR-код болады.
Президент көмекшісі адамда осы сертификаттардың бірінің болуы оған спорттық-сауықтыру нысандарына баруға мүмкіндік береді.
Ал COVID-төлқұжаты жоқ адамдар әзірге бұл нысандарға бара алмайды.
Шахмар Мовсумов сондай-ақ COVID-төлқұжат бастапқыда спорттық орталықтарда қолданылатынын атап өтті.
Алайда болашақта бұл құжат иелері басқа қызметтер – концерттер, театрлар, үйлену тойлары және өзге іс-шараларға бара алады.