25 жел, 2024 сағат 20:52

Әзербайжанда 26 желтоқсан Аза тұту күні болып жарияланды


Фото: АЗЕРТАДЖ

25 желтоқсанда Баку-Грозный рейсін орындаған Embraer 190 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты 26 желтоқсан Әзербайжанда Аза тұту күні болып жарияланды.  Бұл туралы АЗЕРТАДЖ жазды.

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев осыған байланысты тиісті Жарлыққа қол қойды.

Бұған дейін Ақтаудағы ұшақ апатының хронологиясын ұсынған едік.

Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы Ақтау маңындағы ұшақ апаты болған жерден 4 адамның денесі табылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты.

Айта кетейік, ҚР Президентінің тапсырмасымен әуе апатына байланысты Мемлекеттік комиссия құрылды.

Елордалықтар Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен жандарға көмек ретінде жаппай қан тапсырып жатыр.

Елордалықтар Әзербайжан елшілігінің алдына гүл шоғын қойып жатыр.