#
#
Дүйсенбі 21/09/2020

Азаматтық авиация саласында жолаушылар ағыны 38 пайызға төмендеді

  • 05.08.2020
  • 0
  • 61

Биыл Түркістан қаласының жаңа халықаралық әуежайы пайдалануға беріледі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Азаматтық авиация саласында 2020 жылы қаңтар-маусым кезеңінде жолаушылар ағынының көрсеткіші 2,3 млн адамды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 38 пайызға аз. Бұл көрсеткіш коронавирус індетінің таралуын азайту бойынша енгізілген шектеулерге байланысты төмендеп отыр», - деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның дерегінше, биыл Түркістан қаласында жаңа халықаралық әуежай іске қосылады деп жоспарланған. Ал Өскемен қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту басталды. Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы әуежайдың жаңа терминалының құрылысы және Орал қаласы әуежайының аэровокзал кешенін қайта жаңарту жалғасады.

«Ішкі туризмді дамыту аясында қаржы бөлінген жағдайда Үржар және Үшарал қалаларындағы әуежайдың ұшу-қону жолақтарын қайта жаңарту басталады», - деді Сайранбек Бармақов.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар